«Ұлытау» клубы бас бапкерімен арадағы келісімшарт мерзімін ұзартты
Жезқазғандық «Ұлытау» клубы қазіргі бас бапкері Нұркен Мазбаевпен арадағы келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ұлытау» клубы қазақстандық маманмен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады. 53 жастағы Нұркен Мазбаев клубта 2025 жылғы шілдеден бері жұмыс істеп келеді, осы қызметке келгенге дейін Иван Азовскийді алмастырған. Мазбаев бұрынғы карьерасында «Тараз» және «Оқжетпес» клубтарын да жаттықтырған.
Айта кетейік, жезқазғандық команда Премьер-Лига маусымын турнирлік кестеде оныншы орында аяқтап, Қазақстанның жоғарғы дивизионында қалуды қамтамасыз етті.
Қазақстан U15 құрамасы қарсыласын ірі есеппен жеңді
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмендеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или