Анарбеков футбол рейтингінде көш бастады

Анарбеков футбол рейтингінде көш бастады

Алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Sofascore статистикалық порталының нұсқасы бойынша рейтингіде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазір Sofascore рейтингінде UEFA Чемпиондар лигасының биылғы маусымында ойын көрсетіп жатқан тек төрт футболшы ғана 8.00 және одан жоғары балл жинай алған. Бұл тізімде танымал футболшыларды артта қалдырған Темірлан Анарбеков көш бастап келеді.

Отандасымыз 8.90 балл жинаса, одан кейінгі орындардағы Килиан Мбаппе («Реал Мадрид») - 8.34, Виктор Осимхен («Галатасарай») - 8.33, Никита Хайкин («Будё-Глимт») - 8.10 балл жинаған. 

Айта кетсек, Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасындағы үздік ойынын жалғастырып, спорт мамандарының жоғары бағасын алды. 

Астанада өткен «Қайрат» пен «Олимпиакос» командалары арасындағы кездесуде ол UEFA тарапынан белгіленген кездесудің үздік ойыншысы (MVP) атағына ие болды. Қақпашының шеберлігі 9,2 балға бағаланды. Кездесу барысында Темірлан 8 сейв жасады.

Айта кетсек, Темірлан Анарбеков — еліміздің атынан Чемпиондар лигасының үздік ойыншысына берілетін MVP атағын жеңіп алған алғашқы футболшы.

Сондай-ақ UEFA тарапынан қазақстандық қақпашының екі сейві үздік деп бағаланды. Атап айтар болсақ, Чемпиондар лигасының алғашқы күнінде өткен 9 кездесуде үздік саналған 8 сейвтің қатарына енді.

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмендеді

Қазақстандық төрешілер еурокубок матчында жұмыс істейді

«Жеңіс» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті XXIX Конференциясы өтті



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или