«Елімайда» жалда ойнаған Егор Ткаченко «Қайратқа» оралады

«Елімайда» жалда ойнаған Егор Ткаченко «Қайратқа» оралады

Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Егор Ткаченко 2025 жылғы маусымда «Елімайда» жалда ойнаған соң алдағы жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазір демалып жатырмын. Бұдан басқа айтарым жоқ. Менің «Қайратпен» тағы бір жылдық келісімшартым бар. Клуб алдындағы міндеттемелерімді орындаймын. Әзірге осылай. Ешқандай жаңалық жоқ», - деді Ткаченко.

22 жастағы оң қаптал қорғаушысы «Елімайға» жалға кетпей тұрып Қазақстанның жастар құрамасында ойнаған, алайда командада ойын тәжірибесін көп алған жоқ - ҚПЛ-2025 маусымында небәрі алты матчта 70 минут қана алаңға шыққан. Transfermarkt деректеріне сүйенсек, футболшының нарықтық құны 100 мың еуроны құрайды.

Қазақстандық төрешілер еурокубок матчында жұмыс істейді

«Жеңіс» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті XXIX Конференциясы өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или