Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 113-орынға төмендеді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 113-орынға төмендеді

Қазақстанның әйелдер құрамасы ФИФА рейтингінде бірден бес саты төмендеп, енді 113-орынды иеленіп тұр. Команданың жинаған ұпайы - 1166,836, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтинг көшбасшысы өзгеріссіз қалды - Испания (2094,891). Екінші орында - АҚШ (2057,583), ал Германия бесінші орыннан үшінші орынға көтерілді (2010,797).

Қазан айының соңында Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен екі жолдастық кездесу өткізді (1:2, 0:1), алайда бұл нәтижелер рейтинг есептеуіне енгізілмеген.

Қазақстан құрамасының келесі ресми матчы 2026 жылдың наурызында 2027 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеуі аясында Арменияға қарсы өтеді.

Қазақстандық төрешілер еурокубок матчында жұмыс істейді

«Жеңіс» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті XXIX Конференциясы өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или