Талғат Байсуфинов ұлттық құраманы толыққанды басқаруға кіріседі

Талғат Байсуфинов ұлттық құраманы толыққанды басқаруға кіріседі

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамада бас бапкердің міндетін атқарып келген қазақстандық маман Талғат Байсуфиновпен толыққанды келісімшартқа отыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан футбол федерациясы шетелдік маманмен келісімшартқа отырып, оған көп қаражат жұмсауды орынсыз шешім деп санайды. Бұған дейін БАҚ беттерінде ҚФФ-ның бас бапкер лауазымына италиялық Массимо Каррера мен польшалық Михал Пробеж секілді бапкердерді қарастырып жатқаны жазылған еді.

Байсуфиновтың соңғы ойындарда көрсеткен нәтижелері федерация басшылығына ұнаған. Оның басшылығымен Қазақстан құрамасы Бельгия және Солтүстік Македониямен тең ойнап, Лихтенштейнді жеңді. Ал жолдастық кездесуде Фарер аралдарынан жеңіліп қалды.

Келісімшарттың ресми түрде рәсімделуі алдағы күндерге жоспарланып отыр.

«Қайрат» жартылай қорғаушысы Еуропада үздік футболшы атанды

«Ертіс» өз ойыншыларына қарыз: клуб басшылығы мәлімдеме жасады

2026 жылдың наурызына дейін футбол клубтарын жекешелендіру аяқталады

Арман Кеңесов жаңа маусымға «Астана» клубымен дайындық бастайтынын айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или