Валерий Громыко Еуропада үздік футболшы атанды
«Қайрат» пен Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдің үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы «Жұлдызды доп» марапаттау рәсімінде жарияланды.
Маусым Громыко үшін өте сәтті өтті: ол Қазақстан чемпионы атанып, Суперкубокты жеңіп алды және «Қайраттың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына көмектесті. ҚПЛ-2025 маусымында ол тұрақты түрде нәтижелі ойын көрсетіп, 24 матчта 4 гол және 8 нәтижелі паспен маусымды аяқтады. Беларусь құрамасында да сәтті өнер көрсетті — 2 гол соғып, 2 ассист жасады.
Футболшы марапаттау рәсіміне қатысқан жоқ, себебі ол Чемпиондар лигасы аясындағы «Олимпиакосқа» қарсы матчқа дайындалып жатыр. Марапатты оның ата-анасы қабылдады.
2026 жылдың наурызына дейін футбол клубтарын жекешелендіру аяқталады
Арман Кеңесов жаңа маусымға «Астанамен» дайындық бастайтынын айтты
«Ертіс» өз ойыншыларына қарыз: клуб басшылығы мәлімдеме жасады