Әлем чемпионатындағы «Жетісу» волейбол клубының қарсыластары белгілі болды

Әлем чемпионатындағы «Жетісу» волейбол клубының қарсыластары белгілі болды

Сәуір айында ғана волейболдан өткен Азия чемпионатында топ жарған «Жетісу» клубы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Енді аруларымыз 9-14 желтоқсан аралығында Бразилияның Сан-Паулу қаласында әлемнің ең үздік 8 командасы жиналған әлем чемпионатында бақ сынайды.

Талдықорғанның ұжымы топтық кезеңде Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері «Савино Дель Бене» (Италия), Оңтүстік Америка чемпионатының күміс жүлдегері «Альянца Лима» (Перу) және жарыс қожайыны «Озаску Сан-Кристованмен» (Бразилия) күш сынасады.

Клубтық әлем чемпионатының тарихында бұған дейін де еліміздің атынан «Алтай», «Қуаныш» клубтары өнер көрсеткенімен, әзірше бірде-бір рет жеңіске жете алмай келеді.

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан 2025 жылғы әлем чемпионатында бақ сынайды

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Ислам ойындарында күміс медальға ие болды

Регби-7-ден Қазақстан құрамасы Asian Rugby Sevens Series турниріне жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или