UFC жауынгерінің бұрынғы қарсыласы қазақстандық файтермен кездеседі

UFC жауынгерінің бұрынғы қарсыласы қазақстандық файтермен кездеседі

Аралас жекпе-жектің қазақстандық жауынгері Еламан Жетпісбай (6-1-1) Алматыда өтетін OCTAGON 82 турниріндегі қарсыласының кім болатынын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 қарашада Еуразиялық жекпе-жек лигасының кезекті ивентінде Жетпісбай белгілі ресейлік жауынгермен және ұйымның жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуіне бұрынғы үміткер Баир Штепинмен (11-7) кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Штепин тағы бір қазақстандық UFC лигасының экс-жауынгері Сергей Морозовпен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліп қалды.


30 қарашада Алматыда Георгий «Рыцарь» Кичигин, Константин Меркулов, Жасурбек Жураев, Бобур Абдулазизов, Саидитахон Нұриддинов, Данияр Оңғар, Еламан Жетпісбай және т.б. атақты жауынгерлер торға шығатын болады. Алдағы турнирге билеттерді
ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

OCTAGON 82 турнирінің ресми серіктесі —  Chevrolet компаниясы

OCTAGON 82 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink

OCTAGON 82 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 81 турнирінде өзбек спортшысы Камолов алғашқы раундта жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или