Әсел Тоқтасын әлем кубогы финалдық кезеңінде қола жүлдегер атанды
Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем кубогында жартылай финалдық бәсекелер басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер арасындағы +80 келіде сынға түскен Әсел Тоқтасын жартылай финалда Астанадағы әлем кубогының қола жүлдегері және 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Олтыной Олтиной Сотимбоевамен (Өзбекстан) жұдырықтасты. Үш раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті Өзбекстан спортшысына берді.
Айта кетейік, Әсел Тоқтасын жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері саналады.
Беделді бәсеке 16-20 қарашада өткізіледі. Қазақстан атынан ерлер құрамасынан 8 боксшы, ал әйелдер құрамасынан 5 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.
World Boxing: Нұрбек Мұрсал әлем кубогінде жартылай финалға шықты
Геннадий Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді