Геннадий Головкин бокстағы төрешілікке жасанды интеллект технологияларын енгізуді қалайды

Геннадий Головкин бокстағы төрешілікке жасанды интеллект технологияларын енгізуді қалайды

World Boxing ұйымының президенттігіне үміткер Геннадий Головкин бокстағы төрелікке жасанды интеллект технологияларын енгізуді қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Головкиннің сайлауалды бағдарламасында боксшыларға білім мен психологиялық қолдау көрсететін академия құру, қаржылық есептіліктің ашықтығын арттыру және жасанды интеллектті төрелік процесіне енгізу сынды бастамалар бар.

«Мен жасанды интеллектке сенемін. Неліктен? Себебі төрелік әрқашан адами факторға тәуелді. Бұл ИИ шешім қабылдайды деген сөз емес, бірақ ол кейбір сәттерде — мысалы, қайталауды қарау кезінде, ұпай саналғанда — төрешілерге көмектесе алады. ИИ технологиялары өте жылдам дамып жатыр, ол өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Спортқа да оның пайдасы тиеді деп ойлаймын», - деді GGG BBC-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, World Boxing ұйымының жаңа президентін сайлау 23 қарашада Италияның Рим қаласында өтетін конгресс барысында өтеді.

World Boxing: Нұрбек Мұрсал әлем кубогінде жартылай финалға шықты

Теренс Кроуфорд: Мен демалып, жай ғана тынығып жүрмін

Геннадий Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или