Нұрбек Мұрсал әлем кубогінде жартылай финалға шықты

Нұрбек Мұрсал әлем кубогінде жартылай финалға шықты

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем кубогінде ел құрамасынан Нұрбек Мұрсал (70 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Отандасымыз ширек финалда Ихтияр Нишоновпен кездескен еді. Жекпе-жек барысында қапы қалдырып, жартылай финалға жетті. Енді ол украиналық Юрий Захариевпен шаршы алаңға шығады.

Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Аман Қонысбеков (75 келі), Бекзат Таңатар (90 келі), Нұрзат Оңғаров (50 келі) қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Беделді бәсеке 16-20 қарашада өткізіледі. Қазақстан атынан ерлер құрамасынан 8 боксшы, ал әйелдер құрамасынан 5 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.

Әлем кубогі үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында болса, одан кейін шілде айында Астана да жалауын көтерді.

Бірінші кезеңде отандастарымыз 3 алтын, 3 қола алса, екінші кезеңде 8 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдеге қол созды.

Теренс Кроуфорд: Мен демалып, жай ғана тынығып жүрмін

Геннадий Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді

Әлімханұлы Канелоны жеңген боксшыны жекпе-жекке шақырмақ




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или