Израильде 17 жастағы футболшы 99 жылға футболдан шеттетілді

Израильде 17 жастағы футболшы 99 жылға футболдан шеттетілді

Израиль футбол қауымдастығының (IFA) тәртіптік соты «Йермиягу Холон» клубының жастар құрамасының ойыншысын футболдан 99 жылға шеттетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шеттету төбелеске байланысты болды. Аты-жөні жарияланбаған 17 жастағы ойыншы матчтан кейін киім ауыстыратын бөлменің жанында қарсыласына шабуыл жасап, оны соққының астына алған. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Клубқа 2500 шекел (400 мың теңгеге жуық) айыппұл салынды. Сондай-ақ, клуб үш ұпайдан айырылды.


Норвегия сырт алаңда Италияны ойсырата жеңді

Португалия ойыншылары Армения қақпасына 9 гол соқты

Өзбекстан жастары әлем чемпионатында Италиямен ойнайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или