Норвегия сырт алаңда Италияны ойсырата жеңді

Норвегия сырт алаңда Италияны ойсырата жеңді

Әлем чемпионатына іріктеу аясында Италия мен Норвегия арасында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар Италияның Милан қаласындағы Сан-Сиро (Джузеппе Меацца) стадионында ойнады. Матчты Алехандро Эрнандес (Испания) бастаған төрешілер тобы басқарды. Қонақтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Скандинавиялықтардың жұлдызды шабуылшысы Эрлинг Холанд клубтасы Джанлуиджи Доннарума қорғаған қақпаға екі гол соқты.

Норвегия I тобында бірінші орын алып, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Құрама соңғы рет 1998 жылы Францияда өткен әлем чемпионатына қатысқан. 

Италия құрамасы турнирге жолдама алу үшін плей-офф кезеңіне қатысады.


Португалия ойыншылары Армения қақпасына 9 гол соқты

Өзбекстан жастары әлем чемпионатында Италиямен ойнайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или