Роналду қатысқан жоқ. Португалия ойыншылары Армения қақпасына 9 гол соқты

Роналду қатысқан жоқ. Португалия ойыншылары Армения қақпасына 9 гол соқты

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Португалия құрамасы Арменияны аса ірі есеппен ұтты, деп жазады Prosports.kz.

Португалия құрамасы қарсыласын 9:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Сондай-ақ құрама ресми матчта көп гол соғу бойынша өз рекордын қайталады. 

Португалия бұған дейін бір матчта тоғыз гол соққан. 2023 жылы қыркүйекте Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Люксембургті 9:0 есебімен жеңген. 

Португалия - Армения - 9:1

Гол соққандар: Вейга, 7, Рамос, 28, Невеш, 30, 41, 81, Фернандеш, 45+3 (пен.), 52, 72 (пен.), Консейсау, 90+2 – Сперцян, 18

Өзбекстан жастары әлем чемпионатында Италиямен ойнайды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или