Роналду Арменияға қарсы шешуші матчқа қатыспайды
Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Ирландиямен ойында аластатылған соң, Арменияға қарсы өтетін шешуші кездесуді жіберіп алады, деп хабарлайды Prosports.kz. Футболшы әлеуметтік желіде командасына қолдау білдірді.
Роналду жазбасында: «Алға, команда! Бүгін де, әрдайым да бірге. Португалия үшін, біздің ту үшін!» деп үн қатты.
Португалия – Армения матчы 16 қараша күні Порту қаласындағы «Драгау» стадионында өтеді. Жеңіс португалдықтарға 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама кепілдейді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или