Қазақстан құрамасы Бельгиямен тең ойнап, рекорд жаңартты

Қазақстан құрамасы Бельгиямен тең ойнап, рекорд жаңартты


Қазақстан құрамасы 2026 әлем чемпионатының іріктеуін Бельгиямен тең нәтижемен аяқтады (1:1), деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл — FIFA рейтингіндегі үздік ондықтағы қарсыластан алынған алғашқы ұпай.

«Астана Аренадағы» кездесуде есепті 9-минутта Дастан Сатпаев ашты. Бұл — жас шабуылшының ұлттық құрамадағы алғашқы голы.

Екінші таймда бельгиялықтар қарымта қайтарды: Ханс Ванакен Тимоти Кастаньяның асырған добын голға айналдырды. 79-минутта Ислам Чесноков алаңнан қуылғанына қарамастан, Қазақстан қалған уақытта есепті сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или