Патрик Клюйверт Қазақстан құрамасының ойынына баға берді
«Аякс», «Милан», «Барселона» және Нидерланд құрамасының бұрынғы шабуылшысы Патрик Клюйверт Еуро-2026 іріктеуіндегі Қазақстан мен Нидерланд U-19 матчына келіп, трибунадан тамашалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клюйверт матчқа келген себебінің бірі — «Барселона» академиясында ойнайтын өз ұлы Шейннің өнерін көру болды.
Кездесуден кейін ол Кирилл Кекер жаттықтыратын Қазақстан U-19 командасының ойынына тоқталып, жігіттерге келесі матчтарда сәттілік тілеген.
Олдензаалда өткен ойын 2:1 есебімен Нидерланд пайдасына аяқталды. Қазақстан U-19 құрамасы екі турдан кейін 1-топта екінші орын алып тұр. Негізгі кезеңдегі соңғы матчты команда 18 қарашада Кипрге қарсы өткізеді.
Еркін Тапалов: «Жеңісті ойламасаң, алаңға не үшін шығасың?»
Темірлан Анарбеков ескерткіш қоюуға лайық қақпашы – Бельгиялық БАҚ
Бельгия қорғаушысы Теат Астанадағы ойын туралы пікірін айтты