Абдель-Азиз: «Ислам Усманмен жекпе-жек өткізгісі келеді»
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің менеджері Әли Абдель-Азиз ресейлік файтердің келесі қарсыласы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Абдель-Азиздің айтуынша, Махачев нигериялық бұрынғы чемпион Камару Усманмен айқасқысы келеді. «Ислам Усманмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Камару — өте мықты қарсылас, онымен күресу оңай емес. Нағыз жауынгер, Ислам дәл сондаймен кездескісі келеді», — деді менеджер Full Send MMA басылымына.
Еске сала кетейік, Махачев сенбі күні Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде австралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақта чемпион атанды. Осылайша ол UFC тарихында екі белбеу алған 11-ші, ал Ресейден шыққан алғашқы файтер болды.
38 жастағы Камару Усман соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, америкалық Хоакин Баклиді жеңген. Нигериялық спортшы ММА-де 21 рет жеңіске жетіп, төрт жекпе-жекте жеңілген.
Ресейлік файтер UFC-дегі рекордты қайталады