Магомед Адиев: «Қазақстан бұл топта екінші орын үшін күресе алатынын дәлелдеді»

Магомед Адиев: «Қазақстан бұл топта екінші орын үшін күресе алатынын дәлелдеді»


Қазақстан құрамасының экс-бапкері Магомед Адиев ұлттық команданың 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі ойынын бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Адиевтің айтуынша, Бельгиямен 1:1 есебімен тең түсу — құрама үшін лайықты нәтиже және Қазақстанның топта жоғары орындарға таласуға қабілетті екенін көрсетеді. Ол Талғат Байсуфинов келгеннен кейін команданың ойыны жақсарғанын, шабуылдағы жас буынның өскенін және «Қайраттың» халықаралық аренадағы табыстарын атап өтті.

«Мен бастапқыдан-ақ Қазақстан бұл топта әлем чемпионатына екінші жолдама үшін таласа алады деп айтқанмын. Соңғы ойын соны дәлелдеді», — деді Адиев.

Қазақстан құрамасы J тобын 8 ұпаймен төртінші орында аяқтады. Топ көшін 15 ұпай жинаған Бельгия бастады. Одан кейін Солтүстік Македония мен Уэльс (13 ұпайдан) орналасқан.

Александр Мартыновичтің жарақаты жөнінде агенті айтты

Темірлан Анарбеков ескерткіш қоюуға лайық қақпашы – Бельгиялық БАҚ

Өзбек жастары әлем чемпионатында сенсация жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или