«Қайрат» қорғаушысы Мартыновичтің бұлшықеті 18 см жыртылғаны белгілі болды
«Қайрат» пен Беларусь құрамасының қорғаушысы Александр Мартыновичтің жарақаты туралы оның агенті Анатолий Сычев Legalbet.kz сайтына мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Агенттің айтуынша, футболшы «Астанамен» ойында жарақат алған: «Матч кезінде артқы бұлшықеті тартылып қалды. Соған қарамастан ойынды аяқтады, өте қиын болды. Бұлшықеті бірнеше жерден жыртылған, жалпы жырықтың көлемі – 18 см. Қазір ем қабылдап жатыр. “Копенгагенге” дайын болуы керек. Процедура жасап, қалпына келуде», — деді ол.
«Қайрат» 26 қараша күні Дания астанасында УЕФА Чемпиондар лигасының бірлескен турнирі аясында «Копенгагенге» қарсы ойнайды.
Темірлан Анарбеков ескерткіш қоюуға лайық қақпашы – Бельгиялық БАҚ
Өзбек жастары әлем чемпионатында сенсация жасады
Валерий Громыко Данияға қарсы матчта гол да, пас та беріп, Беларусьқа алғашқы ұпайын әперді