Қазақстандық теннисші Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сатйна сілтеме жасап.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы Алжир өкілі Булусса Мехдиді сенімді жеңді. Матч 4:0 есебімен (11:7, 11:6, 13:11, 11:3) Герасименконың пайдасына аяқталды.
Финалда біздің қандасымыз мысырлық Омар Ассармен кездеседі. Ерлер арасындағы жекелей сындағы шешуші ойын 13 қарашада өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 22:15-те басталады.
Қазақстандық теннисші Египеттегі турнирді сәтті бастады
Әлемнің бірінші ракеткасы ATP турнирінің жартылай финалына шықты
Александр Бублик Санкт-Петербургтегі «Солтүстік Пальмира трофейіне» қатысады