Қазақстандық боксшы кейінгі бес жылдағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді
«Адай» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Уәлихан Бисенқұлов (11-2, 10 КО) кәсіпқой бокста кейінгі бес жылдағы алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 15 қарашада Мәскеуде (Ресей) өтетін бокс кешіне шығады. BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Уәлиханның қарсыласы жергілікті боксшы Даниил Савушкин (0:1) болады. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған.
Бұл Бисенқұловтың 2020 жылдың желтоқсанынан бергі бірінші жекпе-жегі, ол Алматыда қазақстандық Михаил Криницынды (11-11-2, 7 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Уәлихан Бисенқұлов кәсіпқой бокстағы дебютін 2018 жылы өткізіп, алғашқы бес жекпе-жегін Ресейде өткен.
Бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Жәнібек Әлімханұлы Кроуфордпен жекпе-жекке дайын екенін айтты