Мемлекет басшысы «ПСЖ» клубының басшысы Нассер Әл-Хелаифимен кездесті

Мемлекет басшысы «ПСЖ» клубының басшысы Нассер Әл-Хелаифимен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі және «Пари Сен-Жермен» клубының акционері Нассер Әл-Хелаифимен жолықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ел президенті кездесу барысында елімізде футбол клубтарын жекешелендіру және бәсекелес орта қалыптастыру шаралары жүргізіліп жатқанына назар аударды. 

Әйтсе де мемлекет басшысы кездесуде футболды емес, Қазақстанның Халықаралық падел федерациясымен ынтымақтастығын нығайту бойынша әңгімелесті. Өйткені Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифи футболдан бөлек, Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы қызметін атқарады.

Бүгінде паделден елімізде 1,5 мыңнан астам ойыншыны біріктіретін қоғамдастық қалыптасып, 16 облыста өңірлік федерация құрылды.

Қазіргі кезде елімізде падел ойынына арналған 17 корт бар. 2027 жылы Алматы қаласында халықаралық стандартқа сай келетін 10 корты бар ADD PADEL ARENA спорт кешенін ашу жоспарланып отыр. Орталық Азиядағы заманауи спорт нысандарының біріне айналатын бұл аренада Premier Padel деңгейіндегі турнирлерді ұйымдастыруға болады. 

ҚФФ техникалық даму комитеті құрылды

Самат Смақов Қырғызстанның клубын жаттықтыруы мүмкін

Алматыдағы жаңа стадионның құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или