Америкалық блогер Джейк Пол Канеломен айқас жоспарлап жүр

Америкалық блогер Джейк Пол Канеломен айқас жоспарлап жүр


Америкалық боксшы әрі блогер Джейк Пол бұрынғы чемпион Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Полдың Джервонта Дэвиске қарсы жекпе-жегі тергеу басталуына байланысты өтпей қалған еді. Енді ол жаңа қарсылас іздеуде — олардың қатарында бұрынғы чемпиондар, бокс ардагерлері және экс-UFC чемпионы Фрэнсис Нганну да бар.

«Менің ойымша, бұл кездесуді жүзеге асыра алатын адам – Түрки. Мен дайынмын, Түрки де қызығушылық танытты. Ең бастысы — Канело жекпе-жекке келісім берді, енді тек оны жүзеге асыру ғана қалды», — деді Пол.

Бұған дейін Альвареспен келіссөздер соңғы кезеңге жетіп, келісімшарттар дайындала бастаған болатын. Алайда Сауд Арабиясының спорт жетекшісі Түрки әл аш-Шейх Альвареске Терренс Кроуфордқа қарсы айқас үшін жоғары сыйақы ұсынғаннан кейін кездесу кейінге қалдырылды.

Джейк Полдың рингке қайта оралуы желтоқсан айынан ерте болмайды. Егер жаңа қарсылас табылмаса, жекпе-жек 2026 жылға шегерілуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или