Себаи – «Қызылжардағы» болашағы туралы: мұнда қалатыныма сенімді емеспін

Себаи – «Қызылжардағы» болашағы туралы: мұнда қалатыныма сенімді емеспін

«Қызылжар» шабуылшысы Сенин Себаи ASnews.kz сайтына берген сұхбатында болашақ жоспарларымен бөлісті. Оның петропавлдық клубпен келісімшарты 31 желтоқсанда аяқталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазір демалыстамын. Мен отбасыммен уақыт өткізіп жатырмын. Арасында жаттығып, ұсыныс күтіп отырмын. 2026 жылы «Қызылжарда» ойнайтыныма сенімді емеспін, бірақ менде клуб туралы ең жақсы естеліктер қалды. Бұл жақсы жыл болды – біз бір отбасы сияқты ойнап, мақсатымызға жеттік», – деді ивуарлық футболшы.

31 жастағы шабуылшы Премьер-лиганың басқа командасына ауысуға дайын екенін мәлімдеді:

«Мен басқа клубтармен байланысып үлгердім, бірақ әзірге нақты ештеңе айта алмаймын. Қазақстанда қаласыз ба? Неге қалмасқа? Чемпионатпен жақсы таныспын, болашақта не болатынын көре жатармыз».

Себаи өткен маусымда 25 матчқа қатысып, алты гол соқты, бір ассист жасады. Бұған дейін футболшы «Тобыл», «Химки» және «Ахмат» командаларында ойнаған.


ҚФФ техникалық даму комитеті құрылды

Алматыдағы жаңа стадионның құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или