«Жасы артық, бірақ өте қауіпті». Сарапшы Жәнібек пен Лара жекпе-жегі жайлы пікір білдірді

«Жасы артық, бірақ өте қауіпті». Сарапшы Жәнібек пен Лара жекпе-жегі жайлы пікір білдірді

АҚШ-тағы Сан-Антонио қаласында желтоқсан айында өтетін басты бокс кешінде қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы — 42 жастағы кубалық Эрисланди Лара, қазіргі WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Көптеген сарапшылар «Қазақ стилін» фаворит санап отыр, бірақ бокс шолушысы және YouTube арнасы «Голос Бокса» авторы Дмитрий Амиров бұған абай қарауға шақырады.


«Лара — өте қауіпті және тәжірибелі қарсылас. Оның үш-ақ жеңілісі бар, әрі олардың екеуі күмән тудырған шешімдермен болды. Ол Канада, АҚШ пен Мексикада үздік қарсыластармен жұдырықтасты, ал оның стилі әлі де қиындық тудыра алады. Әсіресе жекпе-жектің басында ол қауіпті болуы мүмкін», — деді Амиров.


Сарапшының пікірінше, жас факторы маңызды болғанымен, заманауи медицина мен спорттық қалпына келу әдістері боксшылардың мансабын ұзартқан:

«Бұрын 35–36 жастағы спортшыны «артық жасқа келді» деп санайтын, ал қазір 40-тағы боксшылар да жоғары деңгейде өнер көрсете алады. Лара сирек шығады, бұл оның ағзасын тоздырмайды. Сондықтан Жәнібек алғашқы раундтарда абай болуға тиіс».


Амиров бұл кездесудің толық дистанцияға созылуы ықтимал екенін де айтты:

«Егер нокаут болса, ол соңғы раундтарда болуы мүмкін. Ал Лара басында дәл соққы өткізіп жіберсе, техникалық жеңіліс алуы ғажап емес».



Сондай-ақ сарапшы Жәнібектің Канеломен кездесу ықтималдығы жайлы да пікір білдірді:

«Мүмкіндік бар, бірақ бәрі промоутерлер келіссөзіне байланысты. Егер Жәнібек осы жекпе-жекте жарқын жеңіске жетсе, бұл PPV нарығында оның рейтингін арттырады. Сол кезде Канело немесе Кроуфордпен кездесудің ықтималдығы жоғарылайды».


Әңгіме соңында Амиров Геннадий Головкиннің World Boxing президенттігіне кандидатурасына да тоқталды:

«Головкин — ұлы боксшы, бірақ спорт пен басқару — екі бөлек дүние. Оның артында белгілі топ бар, сондықтан сайлауда жеңіске жету ықтималдығы жоғары. Бірақ жақсы спортшы болу бір басқа, ал мықты әкімші болу — басқа қабілет», — деді сарапшы.


Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы — IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Жекпе-жек 6 желтоқсанда Техас штатындағы Сан-Антониода өтеді.


ФОТО: Eric Jamison, Instagram: Gennadiy Golovkin, Meiirim Nursultanov, Saul Alvarez, Janibek Alimkhanyly, Erislandy Lara

Жәнібек Әлімханұлы Кроуфордпен жекпе-жекке дайын екенін айтты

Украина аңызы Ломаченко Әлімханұлының жаттығуына барды

Қазақстандық екі боксшы жыл соңында титул үшін айқасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или