Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен Португалиядағы турнирді аяқтады
Үстел теннисінен Португалияда өтіп жатқан WTT Feeder Vila Nova de Gaia 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы өз өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kzтілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисшілер жекелей, жұптық және аралас санаттарда қарсыластарына жол берді.
Владислав Захаров бір ғана жеңіске қол жеткізді. Ол колумбиялық Дэниел Крузды ұтты. Алайда келесі кездесуде қарсыласына есе жіберді.
Осылайша, Захаров, сондай-ақ Ескендір Харки, Сарвиноз Миркадирова және Жанерке Көшкімбаева турнирді жүлдесіз аяқтады.
19 жастағы қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыста үшінші кезеңге өтті
Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты
WTA Қорытынды турнирі: Рыбакина қатысатын жартылай финалдық матчтың тікелей трансляциясы