Қазақстандық спортшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарында сынға түсті
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындары аясындағы алғашқы жарыстар басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ресми ашылу салтанатына дейін спортшылар кейбір спорт түрлерінен сынға түсті.
Қазақстан құрамасының өкілдері пенчак силаттан бақ сынады.
Нәтижесінде Нұрдәулет Тасмағанбетов (65 келіге дейін) бірінші орын алды. Арай Аманбай (60 келіге дейін) екінші болды, ал Уәли Жалғасбай (60 келіге дейін) үшінші орынды иеленді.
Айта кетейік, пенчак силат Исламиада-2025 бағдарламасына көрсетілімдік спорт түрі ретінде енгізілген, сондықтан бұл сайыстардың медальдары ресми командалық есепке кірмейді.
Астанада бадминтоннан халықаралық турнир өтеді
Алматыдағы жаңа стадионның құрылысы қашан басталатыны белгілі болды
Самбодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан спортшылары анықталды