Исламиаданың алғашқы жарыстары өтті
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындары аясындағы алғашқы жарыстар басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми ашылу салтанатына дейін спортшылар кейбір спорт түрлерінен сынға түсті. Қазақстан құрамасының өкілдері пенчак силаттан бақ сынады.
Нәтижесінде Нұрдәулет Тасмағанбетов (65 келіге дейін) бірінші орын алды. Арай Аманбай (60 келіге дейін) екінші болды, ал Уәли Жалғасбай (60 келіге дейін) үшінші орынды иеленді.
Айта кетейік, пенчак силат Исламиада-2025 бағдарламасына көрсетілімдік спорт түрі ретінде енгізілген, сондықтан бұл сайыстардың медальдары ресми командалық есепке кірмейді.
Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатысатын қазақстандық балуандар анықталды
Қазақстандық каратэші Мәскеу турнирінің үш дүркін чемпионы атанды