Қазақстандық жүзгіштер жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медальға ие болды
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-іне сілтеме жасап.
Спортшылар 4х100 метрлік аралас эстафетада екінші болып мәре сызығын кесті.
Бұл сында ел намысын Александр Румынский, Анатолий Руденко, Фёдор Диденко және Әлихан Құтлұмұрат қорғады.
Бірінші орынды Гонконг командасы жеңіп алды, ал Оңтүстік Корея спортшылары үздік үштікті түйіндеді.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или