Қазақстан World Boxing әлемдік рейтингінде Өзбекстаннан қалып қойды
World Boxing халықаралық ұйымының ресми рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Халықаралық федерацияның баспасөз қызметі жаңартылған тізімді ұсынды. Есепке сәйкес, бірінші орынды Өзбекстан, ал екінші орынды Қазақстан иеленді.
Қазақстан құрамасынан төрт боксшы өз салмақ дәрежесінде рейтингтің көшін бастады: Санжар Ташкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).
Қалған алты салмақ дәрежесінде Өзбекстан құрамасының өкілдері көш бастады.
Айта кетейік, Ливерпулде өткен World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орынға алты «алтынмен» Өзбекстан құрамасы жайғасқан.
Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізді
Бокстан Қазақстан чемпионатының барлық жеңімпаздары белгілі болды
World Boxing әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жариялады