«Интер» «Кристал Пэлас» қорғаушысына қызығушылық танытты

Италияның «Интер» клубы Чемпиондар лигасы ойындары алдында қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөз мәліметінше, миландық клуб Англия құрамасының және «Кристал Пэлас» командасының қорғаушысы Марк Гехиге қызығушылық білдірген.
Футболшы италиялық грандтың назарын оң қабылдағанымен, әзірге нақты шешім қабылдамаған. Алайда оның басты басымдығы — Италияға көшу емес екені атап өтілді.
Гехидің лондондық клубпен келісімшарты маусым соңында аяқталады, ал оны ұзарту мүмкіндігі төмен деп бағаланып отыр. Қорғаушының нарықтық құны — шамамен 45 миллион еуро. 2025/26 жылғы маусымда ол «Кристал Пэлас» сапында 11 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
6 қараша күні «Интер» Чемпиондар лигасының төртінші турында алматылық «Қайратты» қабылдайды. Сол себепті қорғанысты күшейту миландықтар үшін маңызды шешім болмақ.
«Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен ұпай бөлісті
«Ертіс» қақпашысы Премьер-лига жолдамасын жеңіп алған сәттегі эмоциясын айтты