«Ковентри Сити» жас қазақстандық Азамат Туяқбаевқа қызығушылық танытты

Ағылшын сарапшысы және All Things Sky Blue подкастының жүргізушісі Гленн Уоткин «Кайраттың» 18 жастағы жартылай қорғаушысы Азамат Туяқбаевқа ағылшын клубы «Ковентри Сити» тарапынан танытылған қызығушылыққа баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарапшының айтуынша, жас қазақстандық футболшы техникасы мен доппен жұмыс істеудегі сабырлылығы, сондай-ақ шабуылдағы батылдығымен көзге түсіп жүр. Бұл қасиеттері әсіресе «Спортингке» және мадридтік «Реалға» қарсы матчтарда айқын байқалған.
«Чемпионшип — өте жоғары деңгейдегі турнир. Мұнда төзімділік пен мінез қажет. Егер жаттықтырушы сенім білдіріп, жеткілікті ойын тәжірибесі берілсе, Туяқбаев тез бейімделеді. Ол ойын мәнін жақсы түсінеді және өз күшіне сенімді — дәл осындай қасиеттер Англияда жоғары бағаланады», — деді Уоткин.
ASnews.kz мәліметінше, «Ковентри Сити» скауттары Туяқбаевтың соңғы ойындарын мұқият бақылап жүр, әсіресе оның Жасөспірімдер лигадағы «Спортингке» қарсы кездесудегі (2:3) ойыны мен Қазақстан чемпионатындағы «Жетісуға» қарсы (5:0) голынан кейін. Туяқбаевтың «Кайратпен» келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін күшінде.
«Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен ұпай бөлісті
«Ертіс» қақпашысы Премьер-лига жолдамасын жеңіп алған сәттегі эмоциясын айтты