Хоккей федерациясын енді Азамат Айтқожин басқарады

Кезектен тыс республикалық конференцияның шешімімен Азамат Айтқожин Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz Головой об лед телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Азамат Айтқожин бұған дейін еліміздің спорт саласында бірнеше маңызды қызмет атқарған. Ол «Астана» футбол клубын басқарған, сондай-ақ елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасында, туризм және спорт департаментінде жұмыс істеген. Бұдан бөлек, Қазақстан футбол федерациясында вице-президент, атқарушы директор және бас хатшы лауазымдарын иеленген.
Федерация мәліметінше, Сағын Мұсайбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ол енді «Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметін атқарады.
Қазақстан чемпионатында сенсация тіркелді