«Барыс» ресейлік хоккейшіні фарм-командасына жіберді

Иван Николишин елордалық «Барыс» клубының фарм-командасы саналатын «Номадқа» жіберілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚХЛ-дың бас тарту рәсімінен өтті. 48 сағат өткен соң ешбір клуб ойыншыны өз қатарына қабылдамағандықтан, ҚХЛ-дың Құқықтық регламентіне сәйкес шабуылшы «Барыс»клубынцң фарм-командасы саналатын «Номадқа» жіберілді.
Ол елордалық клуб сапына былтыр қазан айында қосылған еді. Келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.
Николишин Құрлықтық хоккей лигасында «Северсталь», «Куньлунь», «Амур» және «Авангард» командалары намысын қорғап, шамамен 300 матч өткізген. Өткен амусымда омбылық клуб құрамында ойнаған Иван тұрақты чемпионаттың 65 матчында 25 (10+15) және Гагарин Кубогының 12 ойынында 3 (2+1) ұпай еншілеген. Биылғы тұрақты чемпионатта шабуылшы 11 кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берген.
Қазақстан чемпионатында сенсация тіркелді
«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан алтыншы ойында есе жіберді