Ғалымжан Кенжебек «Қайрат» клубына бармайды

Қазақстандық шабуылшы Ғалымжан Кенжебек алматылық «Қайрат» клубына ауыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Соңғы күндері БАҚ беттерінде Ғалымжан алматылық клубқа ауысуы мүмкін деген жаңалық тараған еді.
Инсайдер Владимир Жарковтың айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды:
«Клуб ішіндегі сенімді дереккөз растады: «Қайраттың» Ғалымжан Кенжебекті қайта шақырғысы келетіні туралы әңгімелер шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта команданың басшылығы бұл нұсқаны қарастырып отырған жоқ», — делінген хабарламада.
Бұған дейін 22 жастағы футболшының өзі де «Қайратқа» жол жабық екенін ашық айтқан еді.
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен ұпай бөлісті
«Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді
«Қайрат» vs «Пафос» арасындағы матчтың билеттері сатылымға шықты