Қазан айындағы жақсы нәтижелерден кейін Қазақстанның рейтингі өсті

Қазан айындағы жақсы нәтижелерден кейін Қазақстанның рейтингі өсті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарындағы сәтті нәтижелерден кейін ФИФА рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Football-ranking.com мәліметінше, Қазақстан құрамасы 118-орыннан 115-орынға көтеріліп, Вьетнам (114) мен Суданның (116) арасынан орын алды.

Рейтингтің көшін Испания, Аргентина және Франция құрамалары бастап тұр. Қазан айында қазақстандықтар Астанада Лихтенштейнді 4:0 есебімен ұтып, Скопьеде Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или