«Кайратта» Рафаэль Уразбахтинге сенім артудың себебі айтылды

«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев команданы жергілікті маман Рафаэль Уразбахтинге сеніп тапсыру шешімін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Уразбахтиннің басшылығымен алматылық клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан еді.
— Ең алдымен, Рафаэль футболшы ретінде де тәжірибелі болды. Ол ұлттық құрамада ойнады. «Қайратқа» он жыл бұрын келіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті. Осы он жыл ішінде клубта түрлі өзгерістер болды, және ол олардың барлығына куә болды.
Тіпті, біз шетелдік бапкерлерді шақырған сәттердің өзінде, клубтың ішкі құрылымын жақсы білетін өкіл жұмыс істеуін қадағалайтынбыз. Рафаэль Радикович Бердыевпен де, Кержаковпен де бірге еңбек етті. Сондықтан оның тәжірибесі мол. Әдетте екінші бапкер кейде бас бапкерден де көп біледі, — деді Қайрат Боранбаев «Спорт Шрёдингерге» берген сұхбатында.