Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Өзбекстан жастар құрамасына қарсы өткен екі жолдастық матчты қорытындылады.
– Біз Ташкентте Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткіздік. Мұндай мүмкіндік кезінде екі ойындық форматты таңдадық, себебі біздің жігіттерге халықаралық тәжірибе қажет. Сонымен қатар құрамның әлеуетін тексеріп, барлық футболшыға ойын тәжірибесін бергіміз келді.
Өкінішке қарай, екі матчта да жеңіліп қалдық. Бапкерлік штаб ойыншылардың көңіл-күйіне Андоррадағы ауыр жеңілістің қатты әсер еткенін сезді.
Жігіттер Андоррадағы матчты аяқтап, Өзбекстанға қарсы алғашқы ойында жанкүйерлерді қуантқысы келді. Алайда ойын соңында гол жіберіп, 0:1 есебімен жеңілдік. Екінші ойында қарсыласқа алғашқы минуттардан бастап қысым көрсетуге тырыстық. Жылдам гол соқтық, бірақ ойын барысында құрған сәттерімізді пайдалана алмай, тағы да есе жібердік.
Екінші матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде мен команданың аға жаттықтырушысы қызметінен кететінімді жарияладым. Ойыншыларға кәсібилігі үшін алғысымды айтып, Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне сәттілік және қазіргі жағдайдың тезірек оңалуын тіледім.