Аслан Каженов: «Денис Мамонов қызметінен кетсін!»

Аслан Каженов: «Денис Мамонов қызметінен кетсін!»

Қазақстандық журналист Аслан Каженов Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға бапкері Денис Мамоновқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мына жақта ересектер құрамасы енді-енді бір жүйеге түсіп жатса, ана жақта жастарымыз шәйіп жатыр. Денис Мамонов баптайтын 21 жасқа дейінгі ұлттық құрама қатарынан төрт рет жеңілді. Яғни, қос мәрте Өзбекстан құрамасынан жолдастық кездесуде ұтылсақ, оған дейін Англия және Андорра командаларына ресми ойындарда есе жібердік.

Басқа-басқа именно Андоррадан жеңілгеніміз масқара. Ұяты бар бапкер болса, осыдан кейін өз еркімен қызметінен кетуі керек еді. Бірақ, әзірге ондай мәлімдеме естімедік. Екінші жағынан, неге екенін білмеймін, бәрі осы кісіден ығатын сияқты.

Бетіне айтуға қорқады. Ендеше, мен айтайын. Денис, қазақ футболы сіздің жеке меншігіңіз емес. Әсіресе, ертең аға буынның ізін басатын резервтің обалына қалмаңыз! Қабілетті жігіттердің жолын байламаңыз! Команданы жеңілістермен қорламаңыз! Елімізде сізден басқа да тізгінді ұстай алатын маман жетеді.

Сондықтан, өзіңізді де, жігіттерді де, оның артында қазақ жанкүйерлерін де қинамай кете қойыңыз. Жолыңыз болсын!», — деп жазды Каженов өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, кеше Қазақстан U-21 құрамасы Өзбекстан жастар құрамасынан жолдастық кездесуде 1:3 есебімен жеңілді.

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен ұпай бөлісті

«Ертіс» қақпашысы Премьер-лига жолдамасын жеңіп алған сәттегі эмоциясын айтты

«Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или