Шымкентте 35 мың адамдық жаңа стадионның құрылысы басталды

Шымкент қаласында жаңа стадионның құрылысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, 35 мың орындық аренаның жалпы аумағы 21 гектарды алып жатыр. Стадион құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес бой көтереді. Архитектуралық дизайнмен салынатын сәулетті стадион мегаполистің көркін арттырады.
Қазіргі уақытта Шымкентте 1969 жылы салынған 18 мың адамдық бір ғана стадион бар. Жаңа стадионның құрылысы 2028 жылдың соңына таман аяқталады деп күтілуде.
Қазір елімізде тоқсаныншы жылдан бері небәрі үш стадион салынды. Олардың қатарында елордадағы «Астана-арена», Түркістандағы «Тұран-арена», Қызылордадағы «Қайсар-арена» стадиондары бар.
Биыл Алматы қаласында 35 мың, ал Семейде 25 мың адамдық жаңа стадионның құрылысы басталғаны белгілі болған еді.
Қуат Хамитов: «Әлсіз команданы жеңіп, қуанып жүрсіңдер»
«Ертіс» қақпашысы Премьер-лига жолдамасын жеңіп алған сәттегі эмоциясын айтты
«Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді
«Қайрат» vs «Пафос» арасындағы матчтың билеттері сатылымға шықты