Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Қуат Хамитовті көкпарға шақырды

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен ММА спортшысы Қуат Хамитовті көкпарға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен футболшымын, ол – ММА файтері. Мен онікімен, ол менікімен күш сынасақ, тең болып қалатыны түсінікті.
Ол біздің қазақ ағамыз. Ал қазақта ұлттық спорт бар. Ол – көкпар. Ағамды бірге-бір көкпарға шақырам», – деді қақпашы.
Осыған дейін Сейсен басқа қақпашыларға көлік сыйлап жатқанын, ал өзіне ат берсе де жететінін айтқан еді:
«Қазір қақпашылардың барлығына көлік беріп жатыр ғой. Енді маған жылқы мінгізсе», - деді ол матчтан кейінгі сұхбатында.
Ел құрамасы 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең ойнады. Бұл кездесуде қақпашы қарсылас құрама тарапынан жасалған көп соққыға тойтарыс бере білді.
Мұхаммеджан Сейсен 1999 жылы дүниеге келген. Тараз футболының түлегі қазірге дейін «Тараз», «Ордабасы» клубтарында доп тепті. Өткен жылдан бастап елордалық «Астана» сапына ауысты.
Қазақстан құрамасы сырт алаңда сенсация жасады
«Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді
«Қайрат» vs «Пафос» арасындағы матчтың билеттері сатылымға шықты