Еркебұлан Сейдахмет: Арманым – мансабымды «Таразда» аяқтау

Еркебұлан Сейдахмет: Арманым – мансабымды «Таразда» аяқтау

«Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет YouTube-тағы «Футбол Жолы» арнасына берген сұхбатында мансабын туған командасында аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Арманым – мансабымды «Таразда» аяқтау. Ол жақтағы жанкүйерлер де клубтың чемпион болып, еурокубокта ойнағанын көрсе екен деймін.
Бұған дейін бір подкастта айтқан едім: «Таразға» Елдос Ахметовты бас бапкер етіп, ойнау үшін сол жақтан шыққан мен, Зайнутдинов, Шушеначев, Кенжебек, Исламхан, Жұмабек, Байтана, Қарамандар барсақ, Қазақстан чемпионы атануға болады. Жақсы екі-үш легионер алса, жаңағы айтқан футболшылармен чемпиондыққа таласу қолымыздан келеді», – деді Сейдахмет.

25 жастағы футболшы «Тараз» клубының қазіргі жағдайына да толқталды:

«Клубтың Бірінші лигада ойнап жатқаны өте өкінішті. Себебі «Тараздан» әрқашан талантты футболшылар шығады. Жақсы басшы келіп, демеушілер пайда болса, клуб еурокубокке таласа алады деген үмітім бар. «Ақтөбемен» чемпион болғаннан кейін «Таразға» көмектесуді ойлап отырмын. Сол жақтан шыққан бауырларымыз, ағаларымыз жиналып, клубты аяғына тұрғызып жіберсек, жанкүйерлер қуанып қалар еді».

Сейдахмет – Тараз футбол мектебінің түлегі. 2017 жылы «Тараз» сапында 15 матч өткізіп, кейін «Уфаға» ауысты.


Қуат Хамитов: «Әлсіз команданы жеңіп, қуанып жүрсіңдер»

Талғат Байсуфинов Қазақстан - Лихтенштейн матчы туралы пікір білдірді

«Қайрат» ойыншысы тексерістен өту үшін Қатарға барады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или