«Барселона» жаңа «Камп Ноуға» қайта орала алмай жатыр — қателіктер көп шыққан

«Барселона» клубы жаңа «Камп Ноу» стадионына қайта оралу мәселесін ұзақ уақыт бойы шеше алмай келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Diario Sport тілшісі Хави Эспиносаның мәліметінше, кешігудің басты себептерінің бірі — бейнебақылау жүйесін орнатуда кеткен техникалық қателік. Құны жарты миллион еуроға жуық жүйе стадионның сыртқы қабырғасына орнатылып кеткен. Архитекторлар арасындағы үйлестірудің болмауынан туындаған бұл олқылық енді қайта түзетуді талап етеді, ал оған уақыт қажет.
Бұған дейін «Барселона» клубы стадионды қайта қалпына келтіру барысына қатысты ресми мәлімдеме жасап, команда қашан өз алаңына оралатынын шамамен атаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или