Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды
«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық құраманың ойыншысы Дастан Сәтпаев оқу-жаттығу жиынына келіп, қосымша медициналық тексеруден өткен.
Тексеру қорытындысы бойынша футболшыда жарақат белгілері анықталды. Осыған байланысты бапкерлік және медициналық штаб ортақ шешім қабылдап, ойыншыны алдағы матчтарға қатыстырмау жөн деп тапты.
Бұл шешім футболшының денсаулығын сақтау және толық сауығып шығуына мүмкіндік беру мақсатында қабылданғаны хабарланды.
«Қайрат» – «Реал» ойынына билеті бар 207 адам кіре алмаған
Қазақстан құрамасына іріктеу кезеңінде қандай мақсат қойылды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или