Криштиану Роналду: «Әлі де командам мен елге пайдамды тигізіп жүрмін»

Криштиану Роналду: «Әлі де командам мен елге пайдамды тигізіп жүрмін»

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын аяқтау туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Адамдар, әсіресе отбасым жиі айтады: “Болды ғой, тоқта. Барлығына қол жеткіздің. Мың гол соғудың не қажеті бар?” Бірақ мен олай ойламаймын. Мен әлі де жақсы ойнап, клуб пен ұлттық құрамама көмектесіп жүрмін. Неліктен жалғастырмасқа?» — деді Роналду A Bola басылымына берген сұхбатында.

«Барлығы аяқталатын сәт келгенде, өзімді толық қанағаттанған сезімде боламын. Себебі бар күшімді бердім. Уақытымның аз қалғанын білемін, бірақ бар әр сәттен ләззат алуға тырысамын», — деп қосты ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или