Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

11-15 қазан аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарысқа Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қатар, Қытай, Корея, КХДР, Қырғызстан, Макао, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Сингапур, Таиланд, Тайбэй, Өзбекстан, Шри-Ланка және Жапония құрамалары қатысады.
Қазақстан құрамасының сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева және Альбина Жақсылықова өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или