Өзбекстанға қарсы матчқа Вальверде мен Араухо шақыртылмады

Өзбекстанға қарсы матчқа Вальверде мен Араухо шақыртылмады

«Реал» және Уругвай құрамасының жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде Өзбекстан құрамасына қарсы ойынға қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уругвай құрамасы алдағы матчтарға мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Федерико Вальвердені шақырмады. Команданың бас бапкері Марсело Бьелса құраманың негізгі ойыншыларының бірі әрі «Реалдың» вице-капитанын алдағы кездесулерге шақырмау туралы шешім қабылдады.

Әлемнің екі дүркін чемпионы қазан айында екі жолдастық матч өткізеді: 10 қазанда Доминикан Республикасы, ал 13 қазанда Өзбекстан құрамасына қарсы ойнайды.

Вальверденің жарақаты немесе денсаулығына қатысты ешқандай мәселесі жоқ, алайда бапкерлер штабы 27 жастағы футболшыға демалыс беруді жөн көрген. Сонымен қатар, Уругвай құрамасына «Барселона» қорғаушысы Рональд Араухо да шақыртылмады.

Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды

Әйгілі италиялық қақпашының ұлы футболда дебют жасады

2027 жылдан бастап Чемпиондар лигасы түбегейлі өзгеруі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или