Әйгілі италиялық қақпашы Джанлуиджи Буффонның ұлы дебют жасады

Әйгілі италиялық қақпашы Джанлуиджи Буффонның ұлы топ лигадағы дебюттік ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Пиза» клубының вингері Луи Буффон «Болоньяға» қарсы өткен матчта (0:4) алаңға шығып, А Сериясындағы алғашқы ойынын өткізді.
17 жастағы футболшы бұған дейін Италия кубогында және Б Серияда өнер көрсетіп, негізгі команда сапында үш матчқа қатысқан.
Айта кетейік, Луи Буффон ұлттық деңгейде әкесінің Отаны – Италияны емес, анасы туып-өскен Чехияны таңдады. Ол қазірдің өзінде Чехияның U19 құрамасында екі ойын өткізді.
Ұлыбританияда 22 жастағы футболшы қайтыс болды
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы камбэк жасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или