Қазақстандық спортшылар құзға өрмелеуден әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмады
Сеулде (Оңтүстік Корея) спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында «жылдамдық» бағдарламасы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұл сайыста Қазақстан құрамасынан үш спортшы сынға түсті.
Тамара Ұлжабаева 19-орынға табан тіреді. Аделия Утешева 32-ші, Анна Баларшина 34-ші нәтиже көрсетті. Өкінішке қарай, плей-офф кезеңіне өте алмады.
Әлем және Еуропа рекордын жаңартқан польшалық Александра Мирослав жеңімпаз атанды. Екінші орынды қытайлық Лицзюань Дэн иеленсе, қола жүлде Яфэй Чжоуға (Қытай) бұйырды.
Қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Әр жарысқа үлкен жауапкершілікпен дайындаламын — әлем чемпионы Ұлболсын Елмұрат
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде сумо аңызы Хакухо Сёмен кездесу өтті